Қалдықтарды басқару қызметті жүзеге асырудағы экологиялық бақылаудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіпорын ішінде бөлектеп жинау және сұрыптау бар. Серіктестіктің барлық қызметкерлері өздерінің нақты жұмыс кеңістігінде қалдықтарды жинауға және өңдеуге жауапты. Тұрмыстық қалдықтар қалалық муниципалдық қызметтің санитарлық нормаларына сәйкес жиналады және шығарылады.
Кәсіпорында пайда болатын қалдықтар және оларды жою әдістері ішкі және сыртқы бақылауға жатады. Жөнелтілетін және берілетін қалдықтардың әрбір партиясы Қабылдау-беру актісімен және қалдықтың атауы, оның қауіптілігі мен қасиеттері, кәдеге жарату көлемі мен әдісі және басқа да қажетті ақпарат көрсетілетін қалдықтың паспортымен ресімделеді. Жыл сайын уәкілетті органға Қауіпті қалдықтарды түгендеу бойынша есеп беріледі.
Жыл сайын өндіріс қалдықтарын шығару және кәдеге жарату жөніндегі қызметтерге арналған шартты сатып алудың ашық рәсімі өткізіледі. Кәсіпорындар аумағында қалдықтарды кәдеге жарату жүргізілмейді. Барлық қалдықтарды лицензияланған мердігерлер мамандандырылған орналастыру объектілеріне әкетеді. Қалдықтар мердігердің рұқсат құжаттарында көрсетілген тиісті әдіспен жиналады, сұрыпталады және өңделеді. Кәсіпорындарда тұрақты органикалық ластағыштар жоқ, бұл туралы жыл сайын тиісті есептер ұсынылады.