Өнімді ерітінділерді қайта өңдеу және селективті экстракция және электролиз әдісімен катодты мыс өндіру зауыты 2010-2012 жылдар аралығында салынды. Зауыттың бастапқы өндірістік қуаты жылына 10 000 тонна катодты мысты құрады. Алғашқы катодты мыс 2012 жылдың сәуірінде өндіріліп, шығарылды.
Серіктестік SX-EW зауытының өндірістік қуатын кеңейтті, жаңадан салынған қосымша "экстракция кезеңі" және "электролиз цехы" пайдалануға берілді, ол зауыттың өндірістік қуатын жылына 15000 тонна катодты мысқа дейін арттыруға мүмкіндік берді.
"Медная компания Коунрад" ЖШС құрамында 99,99% мыс бар жоғары сапалы М00К (LME A) маркалы катодты мыс өндіреді.
негізгі ұйымы
Өз қызметін Орталық Қазақстанда жүзеге асыратын "Медная компания Коунрад" ЖШС-нің бас компаниясы Central Asia Metals PLC (CAML) болып табылады
«Коунрад» корпоративтік қорын 2017 жылы екі компания – "Сары Казна" ЖШС және "Медная компания Коунрад" ЖШС құрды.
«Коунрад» корпоративтік қорын (бұдан әрі – Қор) қаржыландырудың негізгі бағыты Балқаш қаласы, Қоңырат шағын ауданы және оған іргелес аудандар шегінде жергілікті қоғамдастық пен қоршаған ортаны тұрақты дамытуға бағытталған.